Митоз бен мейоз үдерісі

Митоз – дене жасушаларының бөліну үдерісі. Ол нәтижесінде екі бірдей диплоидты жасуша түзіледі. Мақсаты – өсу, даму және зақымданған жасушаларды қалпына келтіру. Митозда генетикалық ақпарат өзгеріссіз сақталады.

Мейоз – жыныс жасушаларының бөліну үдерісі. Ол нәтижесінде төрт гаплоидты жасуша түзіледі. Мақсаты – хромосомалар санын екі есе азайту және генетикалық әртүрлілікті қамтамасыз ету. Мейозда кроссинговер арқылы жаңа белгілер комбинациясы пайда болады.

Нұсқаулық
  • Нұсқауды мұқият оқы – әр сұрақта тек бір ғана дұрыс жауап бар екенін есте сақта.

  • Жауапты таңдау – берілген төрт-бес нұсқаның ішінен ең дұрыс деп есептегенін белгіле.

  • Уақытты тиімді пайдалану – алдымен жеңіл сұрақтарға жауап беріп, кейін күрделі сұрақтарға көшу.

  • Қателерді тексеру – барлық сұрақтарға жауап берген соң, уақыт қалса, жауаптарыңды қайта қарап шық.

  • Тәртіп сақтау – тест барысында адалдықты ұстанып, ережелерді бұзбау.

Тесттегі сұрақтар саны: 10