Олимпиада – 2026 | Кәсіби білім мен клиникалық ойлау дағдыларын бағалау

«Олимпиада – 2026» мейіргер ісі және емдеу ісі мамандығы бойынша білім алушылардың теориялық білімін, клиникалық ойлау қабілетін және кәсіби құзыреттілігін бағалауға арналған. Тест акушерлік және гинекология, терапия, педиатрия, шұғыл медициналық көмек, инфекциялық қауіпсіздік, пациент күтімі және мейіргерлік іс-әрекеттер бойынша клиникалық жағдайларды қамтиды. Олимпиада қатысушылардың дұрыс шешім қабылдау, науқастың жағдайын бағалау және қауіпсіз медициналық көмек көрсету дағдыларын анықтауға бағытталған.

Құрметті қатысушы! Тест тапсырмаларын мұқият оқып, ұсынылған жауап нұсқаларының ішінен бір дұрыс жауапты таңдаңыз. Клиникалық жағдайларды талдау кезінде мейіргерлік көмектің басымдықтарын, пациент қауіпсіздігін және шұғыл әрекет ету қағидаларын ескеріңіз. Әр сұраққа бір ғана дұрыс жауап беріледі. Барлық тапсырмаларды орындағаннан кейін жауаптарыңызды тексеріп, тестті аяқтаңыз. Сәттілік тілейміз!

Тесттегі сұрақтар саны: 50