2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН СПЕЦИФИКАЦИЯ
10.5.1.1 Функциялар мен процедураларды пайдаланып бағдарламалау тілінде код жазу
10.5.1.2 Жолдарды өңдеу үшін процедуралар мен функцияларды пайдалану
10.5.1.3 Ақпаратты оқу және жазу үшін файлдарды пайдалану
10.5.1.4 Практикалық есептерді шешу үшін сұрыптау алгоритмдерін іске асыру
10.5.1.5 Практикалық есептерді шешу үшін графтардағы алгоритмдерді іске асыру
Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны – 25 балл
Тапсырма түрлері:
КТЖ – Көп таңдауды қажет ететін тапсырмалар;
ҚЖ – Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Бұл нұсқада бірнеше жауаптан таңдауды қажет ететін, қысқа және толық жауапты қажет ететін 10 тапсырма бар.
Бірнеше жауабы бар тапсырмада оқушы берілген жауаптар нұсқасынан тек біреуін таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушы жауапты сандық мән түрінде, сөз немесе қысқа сөйлем түрінде жазады.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушы максималды балл жинау үшін тапсырмадағы тізекті әрекеттерді орындай отырып, шешімін табады. Оқушының таңдау және математикалық контекст тізбегіндегі математикалық тәсілдерді қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырмаларда бірнеше құрылымдық бөлімдер/сұрақтар болуы мүмкін.
Тесттегі сұрақтар саны:
10