
Дүниежүзінің географиялық келбетін, географиялық ойлауды, білімді және география тілі мен әдістерін қолдануды қамтитын география мәдениетін меңгерген оқушыны тәрбиелеу. Жеке тұлғаның географиялық мәдениеті – бұл Жердегі табиғат, олардың алуан түрлі болуының себептері туралы, тұрғындар мен олардың шаруашылық қызметі туралы білімдеріне сүйенетін өмірлік құндылықтар жүйесі, бұдан қоршаған ортаға деген құнды қарым-қатынас жүйе құрушы ретінде алынады да, «адам – табиғат – қоғам – мәдениет» өзара қарым-қатынастары барысында оқушының мінез-құлқын реттейді. Дүниежүзінің географиялық келбеті – адамның аумақтық табиғи-қоғамдық жүйенің қасиеттері мен заңдылықтары туралы түсініктерінің жиынтығы. Географиялық ойлау – географиялық нысандардың, құбылыстар мен процестердің маңызды қасиеттерін, сонымен қатар олардың арасындағы байланыстарды тану және бейнелеу процесі, аумақтылығымен, кешенділігімен, жаһандылығымен ерекшеленеді.