3
1

Есептер жинағы оқушыларды PISA халықаралық зерттеулеріне дайындау мақсатында әзірленген. Жинақта тапсырмаларды орындау бойынша нұсқаулық пен математикалық сауаттылығы бойынша тапсырмалардың шығару жолдарының үлгілері келтірілген. Есептер жинағында математикалық  сауаттылығы бойынша 10 тапсырма берілген. Есептерде алгебралық өрнектерді ықшамдау, мәселе есептерді шешу , логикалық есептер, геометриялық есептер, берілген сурет бойынша белгісіз шаманы табу, арифметикалық есептерді шешу. Сандар бөлімі натурал сандар; жай және ондық бөлшектер; бүтін сандар; нақты сандар; қатынас, пайыз және пропорция ұғымдарын түсінумен қатар оларды түрлі есептерді шығаруда қолдану біліктігін қамтиды. Алгебра бөлімінің сұрақтары математикалық ситуациялық есептерді шығару кезінде заңдылықтарды анықтау мен алгебралық символдарды қолдануға бағытталған. Геометрия бөлімінің тапсырмаларын орындау барысында оқушылар жазықтықтағы және кеңістіктегі фигуралардың, қабырғалардың ұзындықтарының, бұрыш өлшемдерінің қасиеттеріне талдау жүргізе білуі керек.

Хотите использовать этот тест в собственных целях?
Оңай!
  • Для этого Вам необходимо авторизоваться на сайте и вернуться на эту страницу.
  • После этого здесь будет кнопка, с помощью которой вы сможете перейти к процедуре копирования.