Митоз – дене жасушаларының бөліну үдерісі. Ол нәтижесінде екі бірдей диплоидты жасуша түзіледі. Мақсаты – өсу, даму және зақымданған жасушаларды қалпына келтіру. Митозда генетикалық ақпарат өзгеріссіз сақталады. Мейоз – жыныс жасушаларының бөліну үдерісі. Ол нәтижесінде төрт гаплоидты жасуша түзіледі. Мақсаты – хромосомалар санын екі есе азайту және генетикалық әртүрлілікті қамтамасыз ету. Мейозда кроссинговер арқылы жаңа белгілер комбинациясы пайда болады.